×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Алматыда 12 жастағы қыз көлік астына түсіп, қаза тапты

09.10.2021, 00:53
Фото: ашық дереккөз

12 жастағы қыз тоқтап тұрған көліктен жол бойына жүгіріп шығып, өзге көліктің астына түсіп кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қайғылы жағдай Бостандық ауданы, Нұрлытау ықшамауданында болды. Skoda Rapid көлігі Сапарлы жол көшесінің бойымен солтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан.

Көлік қыз баланы қағып кетті. Көлік жүргізушісінің айтуынша, ол тежегішті басып, рөлді бұрғысы келген, бірақ бәрі кеш болған. Қатты соққыдан қыз бала жол жиегіне қарай құлаған.

Көлік жүргізушісі құқық қорғаушылар мен жедел жәрдем қызметін шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер қыз баланың қаза болғанын хабарлаған.

Жол-көлік оқиғасы орын алған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары