×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

06.07.2023, 12:11
Ашық дереккөз

Беларусь президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты 83 жасқа толған туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік кеңістіктегі экономикалық байланыстарды сақтауға ұмтылып, Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық өлшемдерінің нобайын белгілеп, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты көпжақты бірлестіктің құрылуының бастауында тұрғанын атап өтті.

«Қымбатты досым, туған күніңізбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің тікелей қатысуыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы дағдарыс кезеңдерін лайықты еңсеріп, заманауи әлемдік тәртіпте берік орын алып, мойындалған беделге ие болды. Сіз Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға көп күш жұмсадыңыз. Сіздің көп жағынан сіңірген еңбегіңіздің арқасында Қазақстан бүгінде өзінің индустриялық әлеуетін, азаматтық қоғамның негіздерін, этникалық және діни келісімді сақтап қалған нарықтық экономикасы бар мемлекет болды», - деді Лукашенко.

Ол Назарбаев екеуінің жылы да достық қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын жеткізген.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның экс-президенті 83 жасқа толып отыр.

Серіктес жаңалықтары