×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

«Баршаңызға алғыс айтамын»: Тоқаев шет мемлекеттердің басшыларына үндеу жасады

Бүгін, 11:02
«Баршаңызға алғыс айтамын»: Тоқаев шет мемлекеттердің басшыларына үндеу жасады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай құттықтау жолдаған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларына алғыс айтты. Мемлекет басшысы олардың жылы лебіздері мен Қазақстанға көрсеткен ықыласы үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоқаев не дейді?

26 қазанда Президент X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялап, шетелдік көшбасшыларға ризашылығын білдірді.

– Қазақстанның Республика күніне орай шынайы құттықтаулары мен жылы лебіздерін жолдаған барлық мемлекет және үкімет басшысына, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Еліме деген ізгі ниеттеріңізді егемен Қазақстан халқы зор ризашылықпен қабыл алды, – деп жазды Тоқаев.

Қазақстанды кімдер құттықтады?

Еске салайық, 25 қазанда Қазақстан Президентінің атына АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Франция және Ұлыбритания бастаған ондаған елдің басшыларынан құттықтаулар келіп түсті.

Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Рим Папасы XIV Лев және өзге де халықаралық ұйымдардың жетекшілері ізгі тілектерін жолдады.

Мән-жай

25 қазанда Қазақстан Республика күнін атап өтті. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған болатын.

Бұл құжат 1991 жылғы 16 желтоқсанда жарияланған Қазақстан тәуелсіздігіне жол ашқан маңызды қадамдардың бірі болды.