×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Павлодарда сауда үйінің шатыры опырылып түсті, зардап шеккендер бар

07.07.2023, 15:34
Ашық дереккөз

Сағат 13.54-те 112 пультіне «Артур» сауда үйінің шатыры опырылғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы опырылған аумақ - 300 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының сегіз құтқарушысы мен екі техникасы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері жұмыс істеді.

1975 жылы туған ер адам үйінді астынан шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Құтқарушылар жеткенше тағы бір адам ауруханаға жатқызылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында нөсер су жолды бұзған болатын.

Серіктес жаңалықтары