×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

«Жиіркенішті әрекет»: Айтбек Амангелді қарындасының атына ақша жинаған алаяқтардан сақтануға шақырды

26.04.2024, 19:50
Әлеуметтік желіден

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді әлдекімдердің оның атынан ақша жинап жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Амангелдінің айтуынша, ол ешқашан ешкімнен көмек сұрап, жазба жарияламаған. Бірақ әлдекімдер оның атынан дәл осындай қитұрқы әрекетке барған.  

“Сот процесі қымбат”

Ол өзінің Instagram парақшасында оның атынан ашылған TikTok парақшасының скриншотын жариялады. Алаяқтар жазбада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі күрделі әрі қымбат екенін айтып, азаматтарды банктік есепшотқа ақша аударуға шақырған. 

“Жиіркенішті әрекет” 

Сондай-ақ Салтанаттың суреттері мен бейнелерін емдеу үшін қаражат жинайтын барлық жарияланымдардан алып тастауды талап етемін. Сатылымды арттыру үшін Салтанат суреттерін пайдалану – төмен және жиіркенішті әрекет. Әсіресе, курстарының сатылымын арттыру үшін оның атын пайдаланған кезде... Адамдардың қайғысы мен Салтанатқа деген жанашырлық ояту арқылы белгісміз қажеттіліктерге қаражат жинау үшін реквизит салу дұрыс емес, – деп жазды ол. 

Ол қазақстандықтарды абай болуға, белгісіз біреулерге ақша аудармауға шақырды. Ол азаматтар қателесіп, кездейсоқ террористік ұйымдарға демеушілік жасап қоюы мүмкін екенін, сол әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді. 

  

Серіктес жаңалықтары