×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Германияда қайта вакциналауға рұқсат етілді

09.10.2021, 09:46
Фото: ашық дереккөз

Германияда коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.Германияда коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

dw.com-ның мәліметінше, әзірге вакцинаның үшінші дозасын жасы 70-тен асқан тұрғындар мен қарттар үйінің қызметкерлері ғана қабылдай алады. Қайта вакциналауға жарты жылдан кейін рұқсат етіледі. Дәрігерлердің айтуынша, бұл иммунитетті күшейтеді. Сөйтіп вирус жұқтырған күннің өзінде індеттің ауыр формада өтуінен қорғайды.

Бүгінгі таңда Германияда 54 миллион адам екпенің екі компонентін де қабылдаған. Бұл халықтың 65%-ы.

«Дәрігерлер вакцина салдырғандар туралы ақпаратты уақтылы жіберіп отырмаған, сол себепті жаңартылған деректер бойынша екпе қабылдағандар саны статистикалық көрсеткіштен жоғары болып шықты. Демек, вакциналау науқаны біз ойлағаннан да белсендірек өткен», - дейді Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан.

Серіктес жаңалықтары