Бұған дейін Алматыда қала тұрғындарынан Ерболат Досаевты жұмыстан босатуды талап еткен петиция пайда болған. Ресейлік боттар шенеунікті қолдап дауыс беріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
7 шілде күні кешке «қарсы» дауыстар экспоненциалды түрде өсе бастаған, қазірдің өзінде олардың саны 12 мыңнан асты.
Ресейден келген боттар Досаевтың отставкаға кетуіне қарсы белсенді түрде дауыс беріп жатқаны мәлім болды.
Петицияда Досаевтың әкім болып тағайындалуынан соң «тұрғындар арасында мәселе көбейгені» айтылған. Олардың қатарында құрылысқа жалпы тыйым салынған орындарда ғимараттардың пайда болуы, жөндеуді қажет етпейтін жолдарды, жол жиектерін жөндеу жұмыстары да бар.
Бұған дейін адвокаттар Досаевты сотқа берген, олар әкімді бейбіт митинг өткізуден заңсыз бас тартты деп айыптаған.
Бұған қоса, шенеуніктен Алматыдағы ВИЧ жанжалының себебі сұралған. Ulysmedia.kz тілшісі оның басшылығы кезінде ВИЧ инфекциясын жұқтыру оқиғасы бірінші рет емес екенін еске салады. Досаев Денсаулық сақтау министрлігін басқарған кезде де Шымкентте осы тектес шу шыққан.
Досаевтың байлығы шамамен 110 миллион долларға бағаланады. Forbes нұсқасы бойынша елдегі ең бай 50 кәсіпкердің қатарына.