Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматыда Ресей валютасы 4,87- 5 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал Астанада 4,93 -5,03 теңге аралығында құбылып тұр.
Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,90 -4,97 аралығында.
5 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,92 теңге болған.
Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль 4,90 теңге.
Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.