×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда тұрғын үй саудасы қызды: баға қаншалықты өсті

11.07.2023, 10:54
фото: ашық дереккөзден

Елімізде бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 1,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 5% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы маусымда 26,8% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үй нарығында жылдық мәнде баға Павлодар – 18,1%, Ақтау – 18%, Семей– 16% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі бойынша Семей (29,9%), Ақтөбе (22,4%), Қызылорда (19%) және Қостанай (18,8%) қалалары көш басында тұр, ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Көкшетау (45,5%), Петропавл (41,5%), Ақтау (41,1%) және Алматы (38,8%) қалаларында айтарлықтай өскен.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы маусым 2023 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,2% жоғарылады. Пәтерлерді қайта сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда маусымда әрқайсысы 0,5%-дан арзандады.

2023 жылғы маусым айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 29 880 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 887 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 21 993 мәміле жасалды. 2023 жылдың мамырымен салыстырғанда (25 588) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 16,8%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (4 793 – 16%), Астана (4 522 – 15,1%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (2 841 – 9,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 343 бірлік (1,1%).

2023 жылдың мамыр айымен салыстырғанда маусымда еліміздің барлық өңірінде оң динамика байқалды. Осылайша, мәмілелер санының ең көп өсімі Солтүстік-Қазақстан (34,4%-ға), Атырау (30,1%-ға), және Жетісу (29,3%-ға) облыстарында тіркелді.

2023 жылдың маусымында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7%-ға азайған, ол кезде 31 019 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Шығыс-Қазақстан облысында (40,3%-ға) байқалды. Осылайша теріс көрсеткіш барлық дерлік аймақта тіркелді, оң динамика Қостанай облысында (18,3%-ға)  және республикалық маңызы бар қалаларда (Астанада 17,5%-ға, Алматыда 8,7%-ға, Шымкентте +2,1%-ға) байқалды.

Серіктес жаңалықтары