×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Атырауда жарық қымбаттады

12.07.2023, 15:06
Атырауда жарық қымбаттады
фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында электр қуатының тарифі 12,17 пайызға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментіне «Атырау Жарық» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф бекітуге байланысты өтінім түскен. Осы кезге дейін электр қуатының тарифі қосымша құн салығынсыз 1 кВт/с үшін 5,84 теңге болған.

«Өтінім берудің негізгі себебі – орташа айлық жалақыны өсіру. «Атырау Жарық» АҚ ұсынған жобада тариф қосымша құн салығынсыз 1 кВт/с үшін 7,11теңгені құрады. Жаңа тарифті бұрын бекітілген тарифтен 1,27 теңгеге немесе 21,84 пайызға арттыру көзделген. Департамент мамандары монополист субъектінің өтініміне мұқият талдау жүргізді. Сөйтіп, тарифті 1 кВт/с үшін қосымша құн салығынсыз 6,55 теңге мөлшерінде бекіту туралы шешім қабылданды. Мұнда тарифтің өсуі бекітілген тарифтен 0,71 теңгеге немесе 12,17 пайызға өсіп отыр. Тарифтің өзгеруі өндірістік персоналдың жалақысын 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 103,1%-ға арттыруды көздейді. Тұтастай алғанда, тариф белгілеу процесі жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып, монополист субъектілердің ұсынылған материалдарына негізделді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда жылу бағасы қаншалықты өсетіні хабарланған.