×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдонда қанша табыс тапқаны белгілі болды

13.07.2023, 13:19
ehonews.kz

Қазақстан теннис федерациясы ел спортшыларының Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Федерациясының дерегінше, жекелей сында ширек финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 340 мың фунт стерлингке (194 075 525 теңге) қол жеткізді.

Жекелей сында төртінші айналымнан аса алмаған Александр Бублик 207 мың фунт стерлингпен (118 157 746 теңге) қайтты.

Юлия Путинцева жекелей (55 мың фунт стерлинг немесе 31 394 570 теңге) және жұптық (6 875 фунт стерлинг немесе 3 924 321 теңге) сында алғашқы айналымда өнер көрсеткені үшін барлығы 61 875 фунт стерлинг немесе 35 318 891 теңге олжалады.

Анна Данилинаның көрсеткіші – жұптық сындағы алғашқы айналым: 6 875 фунт стерлинг (3 924 321 теңге) және микста ширек финал: 8 250 фунт стерлинг (4 709 185 теңге), қорытындысы – 15 125 фунт стерлинг (8 633 506 теңге).

Жұптық сында алғашқы айналымда сүрінген Александр Недовесов пен Андрей Голубев 6 875 фунт стерлингтен (3 924 321 теңге) тапты.

Уимблдонның іріктеу сатысының бірінші айналымында ойнаған Тимофей Скатовтың табысы – 12 750 фунт стерлинг (7 277 832 теңге).

Еске сала кетейік,  Елена Рыбакинаның Уимблдонның ширек финалында қарсыласынан жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары