×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Рыбакина Уимблдон титулын қорғай алмады

12.07.2023, 20:12

Отандасымыз Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалында әлемнің 6-ракеткасы, Тунис елінің теннисшісі Онс Жаберге үш сеттік тартысты бәсекеде есе жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Есеп 7:6, 4:6, 1:6. Қарсыластар былтыр ғана осы Уимблдонның финалында ойнап, біздің Лена 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіп кеткен еді.

Бұл жолы Жабер тамаша дайындықпен келген. Допты іске қосуда (8 эйс) және брейк жасауда (5/9) Рыбакинадан алда болды. 7-ақ эйс жасаған біздің Лена 9 брейк-пойнттың екеуін ғана өз пайдасына шеше алды.

Аталмыш ширек финал матчын көруге Қазақстан теннис федерациясының Президенті Болат Өтемұратов келген. Сондай-ақ Орталық корттың “Royal Box” деп аталатын арнайы орнында Ұлыбритания Ханшайымы Камила Паркер-Боулз қазақстандық және тунистік спортшылардың ойнын тамашалады.

 

Ерик Ильясов, арнайы Ulysmedia үшін Лондоннан.

Серіктес жаңалықтары