Франция президенті резиденциясы – Елисей сарайына адамның кесілген саусағы салынған хат жолданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Valeurs басылымына сілтеме жасап.
Оқиға француздар 14 шілдеде атап өтетін Бастилияны алу күні қарсаңында болған.
Басылымның хабарлауынша, Елисей сарайына 10 шілдеге қараған түні пошта арқылы адамның кесілген саусағы салынған хат келіп түскен. Ол артынша тоңазытқышқа қойылған.
Тиісті органдар саусақтың кімге тиесілі екенін анықтап үлгерген.
Елисей сарайы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Қазіргі таңда, Макронның өзі НАТО саммиті өтіп жатқан Вильнюсте жүр.