echo.msk.ru-дың мәліметінше, Кумбре-Вьеха жанартауының белсенділігі артып барады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Канар аралдарындағы Кумбре-Вьеха жанартауының сейсмикалық белсенділігі артып барады. Одан атқылаған лава Ла-Пальмадағы тағы бірнеше үйдің күлін көкке ұшырды. Аймақта жерасты дүмпулер де толастамай тұр.
Аталған жанартау қыркүйектің 19-ы оянған. Табиғаттың тосын мінезі 800-ден астам ғимаратты қиратты. 6 мыңнан астам адам өзге жерге эвакуацияланды. Ыстық лава ауылшаруашылыққа арналған 150 гектар алқапты да тып-типыл етті. Жергілікті билік аралды апатты аймақ деп жариялады. Ғалымдар болса жанартау 3 ай бойы атқылауы мүмкін деп болжап отыр.