×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Қысым көрсетіліп жатыр": Павлодарлық дәрігерлер президент әкімшілігіне жүгінді

16.07.2023, 08:19
"Қысым көрсетіліп жатыр": Павлодарлық дәрігерлер президент әкімшілігіне жүгінді
Газета.ру

Павлодар облысының балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері президент әкімшілігіне видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мүсілім Солтановтың аурухана меңгерушісі болып келуімен біздің қызметкерлерге қысым көрсетіліп, теріс айыптаушы көзқарас қалыптаса бастады. Жұмыс барысында, 2022 жылдың қараша айынан бастап ол жұқпалы аурулар бөлімшесіне біздің қалай өмір сүріп жатқанымызды, қалай жұмыс істейтінімізді, қалай қамтамасыз етілгенімізді білу үшін бір рет те келмеген. Тек бір рет арызбен келген кезі болды. Дөрекі түрде, балағаттап, дәрігерлер мен медбикелерге айқайлады. Бөлімшеде шу болды”, - дейді медицина қызметкерлері.

Дәрігерлер жұқпалы аурулар бөлімінде кадр жетіспейтінін, бірақ аурухана басшысы бұл мәселені шешуге асықпай, қарамағындағыларға қызметкерлерді өздері іздеу керектігін айтып отыр.

Аурухана меңгерушісі Мүсілім Солтанов науқастардың туыстарының дәрігерлердің әділетсіз деп санайтын шағымдарына біржақтылық танытты деп айыпталуда.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы үндеуде көрсетілген мәселелерді тексеру үшін комиссия құрылғанын хабарлады.