×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Халық алдында беделімді түсірмек: Базарбек казинодағы суреті туралы айтты

16.07.2023, 13:49
Халық алдында беделімді түсірмек: Базарбек казинодағы суреті туралы айтты
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде пайда болған казинодағы суреті туралы депутат Бақытжан Базарбектің өзі түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол суреттің 2022 жылдың желтоқсанында – депутат болғанға дейін түсірілгенін айтты. .

"Әйелім екеуміз белгілі эстрадалық топтың концертіне келдік. Фондағы суреттен байқасаңыз, шырша бар, менің үстімде қысқы жемпір. Мен жай ғана қарап тұрамын, әйелім шай ішіп отыр», - деді ол.

Базарбек коммерциялық заңгер ретінде уақытын қалай және қайда өткізгенін өзінің жеке ісі деп санайтынын айтты.

«Парламент Мәжілісіндегі белсенді әрекетімнен кейін 7 ай өткен соң осы жеке фотосуреттерді біреудің (жасырын түсірілген) жариялауы кездейсоқ емес және оның себептері де бар», - деп қосты ол.

Депутат елдегі жер қатынастары мен құрылыстың ең күрделі мәселелері мен проблемаларын көтеріп отырғанын айтады.

"Мен 8 облыс әкімдігі тұрғын үйлердің жеке құрылысына инженерлік желілерді тартуға бөлінген 26 миллиард теңгенің игерілмеуі және мақсатсыз пайдалануы туралы мәселені көтердім. Үкіметтің қарсылығына қарамастан, бұл ұсынысты "Тұрғын үй құрылысын салуға" қатысты заң жобаларына енгіздім. Заңсыз алынған және жайылымдардағы активтерді қайтаруды айтып жүрмін», - деді депутат.

Оның айтуынша, бұл ұсыныстар «әкімдіктердің жосықсыз шенеуніктерінің таңдаулы құрылыс салушыларға жер телімін беру үшін жасаған көп жылғы сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен схемаларын бұзады».

"Соңғы депутаттық сауалымда мен Алматының етегіндегі тау жоталарын кейбір үшінші тұлғалардың жеке меншігіне иеліктен шығару мәселесіне тоқталдым. Менің депутат ретінде казинода жүргенім туралы ақпарат бұл жалған ақпаратты таратушылардың негізгі мақсатын көздеп отыр. Олар халықтың алдындағы беделімді түсіру, мені қаралау, сөйтіп жер қатынастарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресудегі күш-жігерімді азайтуды көксейді. Маған ақпараттық қысым көрсету арқылы олар бұл ұсыныстарды заң жобалары ретінде жүзеге асыруға кедергі келтіруге тырысуда. Бұл таза арандатушылық, жасырын түрде менің депутаттық қызметіме кедергі. Осының барлығының артында кімнің тұрғанын, кімге пайда әкелетінін болжауға болады», - деп түйіндеді ол.