×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтөбе облысында газ құю стансасы өртенді

17.07.2023, 10:36
ТЖД

Ақтөбенің Қобда ауданы аумағында газ құю бекетінің резервуары өртенді. Сонымен бірге сұйытылған отын тасымалдаған көліктен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 17 шілде түнгі сағат 00.07-де тіркелді.

112 құтқару қызметіне Қобда ауданы Самара-Шымкент тасжолының 616 шақырымындағы «Эталон газ» газ құю стансасының жерасты резервуары және газ тасыған көліктің артқы жағынан газ жанғаны туралы хабар түсті.

Жалынды сөндіруге 20-дан астам өрт сөндіруші мен 5 техника дереу жұмылдырылған.

 

«Сонымен қатар оқиға орнына ТЖД басшылығы барып, жағдайды бақылап, өрттің дер кезінде сөндірілуін қадағалады. Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында өрт басқа обьектілерге тарамады. 20 тонналық көлік пен қасында тұрған газель қауіпсіз жерге әкеткен соң бүлінбеді. Өрт сағат 01:50-де оқшауланып, 02:15-те сөндірілді. Зардап шекккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң бақылауды ескертеді»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары