×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Қарағандыда балабақшада су ішкен баланың асқазаны күйіп қалды

18.07.2023, 09:14
Қарағандыда балабақшада су ішкен баланың асқазаны күйіп қалды
фото: ашық дереккөзден

Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіндер хлорға уланып қалды. Ата-аналарының айтуынша, балалардың бірі асқазанын шайдырған, ал өзгесі тіпті өңешін күйдірдіріп алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. 

Алина Ливаншо есімді ата-ананың сөзінше, оқиға 10 шілдеде кешке болды. Балаға екінші дәрежелі өңеш пен асқазанның химиялық күйігі диагнозы қойылды және қазір ол ауруханада жатыр. Баланың жағдайы тұрақты, бірақ отбасы рентген нәтижелерін күтуде.

«Хлорланған суды балаға тәрбиешінің өзі берген. Тәрбиеші оны ішетін су деп ойлаған. Менің ұлымнан басқа тағы бір қыз уланды, бірақ оның жағдайы, менің білуімше, жақсы. Бұл жағдай болған кезде бізді ешкім хабардар етпеді: ата-аналар бұл туралы кешке балабақшаға келгенде ғана білді... Егер жедел жәрдем шақырылып, балалар асқазандарын дер кезінде жуса, менің балам жақсы болар еді. Балабақша қызметкерлері өз жұмысына жауапсыз қарады деп санаймын. Біз Михайлов полиция бөліміне хабарластық-тергеу басталатынын білеміз. Әзірге балабақша тәрбиешісі мен медбикесі сол жерде жұмысын жалғастыруда... Біз қалалық білім бөліміне де хабарластық, олар аталған жағдай қаралып жатқанын айтты», - дейді Алина Ливаншо.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасында улану фактісі бойынша бала 10 шілдеде көпсалалы облыстық балалар ауруханасына түскенін хабарлады.

«Тексеру жүргізіліп, емдеу тағайындалды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық жағдайда», - деп нақтылады ведомстводан.

Қарағанды қалалық білім бөлімінде 11 шілдеде, оқиғадан кейінгі күні кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті:

«2023 жылғы 10 шілдеде «Бәйтерек» балабақшасында сағат 18.30 шамасында «Еркетай» тобының балалары серуенде су сұраған. Тәрбиеші ішке кіріп, шәйнектен су алған, оған дейін тәрбиешінің көмекшісі шәйнекті тазарту үшін оның ішіне бір хлор таблеткасын тастаған. Тәрбиеші бұл туралы білмеген. Суды екі бала ішкен. Медицина қызметкері сағат 18: 55-те жедел жәрдем бригадасын шақырды. Мұндай факт медицина қызметкерінің тәрбиешілердің көмекшілеріне нұсқау берудегі жауапсыздығынан, тәрбиеші көмекшілерінің ыдыс-аяқты өңдеу және ішу режимін сақтау бойынша санитарлық нормаларды сақтау талаптарын білмеуінің салдарынан болды. 11 шілдеде барлық кінәлілер-медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды ведомстводан.