×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"10 млн теңге пара алған": Түркістанда басқарма басшысының орынбасары тергеліп жатыр

18.07.2023, 14:57
"10 млн теңге пара алған": Түркістанда басқарма басшысының орынбасары тергеліп жатыр
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Шарттың жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайды.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада

Айта кетейік бұдан бұрын Түркістан облысында Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы ұсталды.