×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда тағы бір балалар лагері талапқа сай жұмыс істемеген

19.07.2023, 09:17
фото: ашық дереккөзден

Алматыда балалардың саунадағы «жазғы демалысынан» кейін қаланың барлық лагерлері тексерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдік мәліметінше, екі лагерьдің жұмысы талапқа сай емес деп танылған.

«Тиісті талапқа сай емес екі лагерьдегі жағдайға байланысты білім басқармасы барлық баланы басқа екі лагерьге кезең-кезеңімен жіберу жөнінде шешім қабылдады. Осылайша, «Бел Ричи» ЖШС-мен («Арман дала» лагері) келісімшартты бұзатын болдық. Бұл компанияны жауапсыз қызмет көрсетуші деп тану үшін сотқа талап арыз берілді. Ақша төленбеді»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Бұған қоса, балаларды «Тау самалы» лагеріне («Айсұлу және Т» ЖШС) кіргізбеу жөнінде шешім қабылданыпты.

“Лагерьге жолдың қашықтығын және балалардың ерекше қажеттілігін ескере отырып, олар Қаскелең қаласындағы жеке мектепке уақытша орналасты. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік етеді”, – делінген хабарламада.

Әкімдік балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша шартта белгіленген міндеттемелердің сапасыз орындалуына байланысты «Айсұлу және Т» ЖШС-не шартты бұзу туралы ескерту жіберген.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы маңындағы лагерге жіберілген оқушылардың сауна аумағына орналастырылғаны анықталған еді.

Қала әкімдігі қызмет көрсетуші компанияны сотқа беретінін мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары