×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында "белгісіз ауруға" байланысты тексеріс күшейді

20.07.2023, 08:02
фото: ашық дереккөзден

Египеттің Денсаулық сақтау және ел тұрғындары министрлігінің ақпараты бойынша, елде белгілері денге безгегіне ұқсас белгісіз аурудың жағдайлары тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, денге безгегі – адамға инфекция жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция. Ауру адамнан адамға ауа тамшылары арқылы берілмейді.

“Ауру тропикалық және субтропикалық елдерде таралады. ДДҰ мәліметтері бойынша, Африка, Америка, Шығыс Жерорта теңізі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Батыс Тынық мұхитының 100-ден астам елі эндемикалық болып келеді. Қазақстанда жыл сайын аурудың жекелеген жағдайлары тіркеледі. Ағымдағы жылы денге безгегі бойынша қолайсыз елдерден (Таиланд) келген адамдар арасында оның 2 жағдайы тіркелді”, – делінген хабарламада.

Ауру дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, дененің ауыруы, жүрек айнуы түрінде көрінеді, әйтсе де көп жағдайда ауру симптомсыз өтеді және науқастың жағдайы 1-2 аптадан кейін жақсарады.

Ведомство шетелден келген науқастарды уақтылы анықтау және медициналық көмек көрсету үшін ел әуежайына кірген кезде санитарлық-карантиндік пунктте, теміржол вокзалдарында және автомобиль пункттерінде дене температурасын қашықтықтан өлшеу жолымен мониторинг жүргізілетінін мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары