×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Допинг дауы: 4 жылда 100-ден астам қазақстандық спорттан шеттетілді

20.07.2023, 11:14
фото: ашық дереккөзден

 2016-2020 жылдар аралығында допинг үшін 124 қазақстандық спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жазылған.

«Допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2016 жылы 14 спортшы 2 жылдан 4 жылға дейін, 2017 жылы 15 спортшы (оның ішінде 1 өмір бойына) және 1 жаттықтырушы, 2018 жылы 37 спортшы, 2019 жылы 44 спортшы, 2020 жылы 14 спортшы жарыстан шеттетілді. Дисквалификация кезеңінде спортшы мен жаттықтырушыға спорттық іс-шараларға және спорттық іс-шаралар шеңберіндегі оқу-жаттығу процесіне қатысуға рұқсат етілмейді», - делінген құжатта.

Осыған байланысты министрлік Еңбек кодексіне дисквалификация уақытында спортшы мен жаттықтырушыны штаттағы қызметкерлер қатарынан шығару нормасын енгізуді ұсынып отыр.

«Қазіргі уақытта құрама команданың мүшесі еңбек шарты негізінде штаттағы қызметкер саналады. Бұл ретте ҚР Еңбек кодексінде спорттық қызметтің ерекшелігін ескере отырып, оны бұзған жағдайдағы негіздер көзделмеген. Атап айтқанда, өмір бойына немесе 6 ай я болмаса одан да көп мерзімге спорттан шеттету кезінде спортшы мен жаттықтырушы да жұмыс істемейтіні белгілі. Алайда Еңбек кодексіне сәйкес, аталған негіздер еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылмайды», - деп мәлім етті ведомство.

Айта кетейік, жуырда 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаевтың оралтуринабол анаболикалық стероидін қолданғаны әшкереленді. Ол 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілді.

Ал Бангкокта өткен 2023 жылғы Азия жастар чемпионатының күміс жүлдегері Серік Абзал метастеронды қолданғаны үшін 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Серіктес жаңалықтары