Бұйрыққа сәйкес, бір сағат ішінде жүріп өткен сапардың құны:
- Жеңіл автокөлік – 241,5 теңге (0,07 АЕК);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 276 теңге (0,08 АЕК);
- 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 483 теңге (0,14 АЕК );
- 32 жолаушы орнынан автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 552 теңге (0,16 АЕК );
- Жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 690 теңге (0,2 АЕК);
- Жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері, тартқыштар – 759 теңге (0,22 АЕК).
Сондай-ақ, құжатта көлік құралдарының көрсетілген санаттары үшін бір айға және бір жылға абонементтер сатып алу көзделген.
Сонымен, ай сайынғы абонементтің құны:
- Жеңіл автомобильдер үшін бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
- 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 2,5 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 мың теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 5,5 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге);
- 32 орыннан асатын автобустар мен автопоездың жүк көтергіштігі 10 т дейінгі жүк автомобильдері үшін – бір айға 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге);
- Жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі автомобильдер үшін – бір айға 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69000 теңге);
- Жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері үшін – бір айға 2,5 АЕК (8625 теңге), бір жылға – 25 АЕК (86 250 теңге).
Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы салтанатты түрде 2023 жылдың 16 шілдесінде пайдалануға берілді. Бұл жолдың құрылысы үш жыл бұрын түрік-корей консорциумы негізінде басталды.