×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

35 мектепте жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталмауы мүмкін

21.07.2023, 14:23
фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігі 7 өңірде мектептерді жөнднеу жұмыстары оқу жылына дейін аяқталмауы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік мәліметінше, қазіргі күні еліміздегі 250 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

“Алайда жаңа оқу жылына дейін 35 мектептің жөндеу жұмысы аяқталмауы мүмкін. Бұл Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында орналасқан мектептер”, – делінген хабарламада.

Ведомсвто 107 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын атап өтті.

“185 орта білім беру ұйымында мектеп жиһаздары жаңартылды, 201 мектеп кітапханасы мен 119 мектеп асханалары жаңғырту жұмысынан өтті. 261 мектепке турникет, бейнебақылау, дабыл түймелері орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл бағытта Алматы, Атырау, Түркістан облыстарында көрсеткіш төмен”, – деп мәлім етті министрлік.

Айта кетейік, Анткиор білім беру саласында 107 қылмыстық істі тергеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары