×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қордайлықтарды ауыз сусыз қалдырған шенеунік 8 жылға сотталды

21.07.2023, 16:07
Қордайлықтарды ауыз сусыз қалдырған шенеунік 8 жылға сотталды
azattyq-ruhy.kz

Жамбыл облысында «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің экс-басшысының 6,5 миллион теңге ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, Сарыбастау ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы «М», «Қордай су» МКК директоры «К» және кәсіпкер «Е» құжаттар бойынша құны 12,3 миллион теңгені құрайтын су мұнарасын салуы тиіс болған.

Алайда нысанды егжей-тегжейлі талдау және визуалды қарау су мұнарасының шын мәнінде салынбағанын көрсетті.

Нәтижесінде, тергеу барысында тараптар 6,5 миллион теңгені иемденіп, өзара бөлісіп, ауыл тұрғындарын өздігінен ағып жатқан суды пайдалануға мәжбүр еткені белгілі болды.

“Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК-тің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорларына берілді. Тергеу аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.

Қордай аудандық сотының 18.07.2023 жылғы үкімімен «М» ҚК-тің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кәсіпкер «Е» ҚК-тің 28-бабы 5-бөлігі - 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Заңсыз игерілген ақша толығымен мемлекетке қайтарылды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.