×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда барлық мемлекеттік балалар ұйымдары тексеріледі

23.07.2023, 14:12
Ашық дереккөз

Қазақстанда барлық мемлекеттік балалар ұйымдары тексерілетін болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай тапсырманы Оқу-ағарту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт министрліктеріне әкімдіктермен және Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп орындау үқшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова берді.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударуды тапсырды. Түркістан облысындағы соңғы қайғылы оқиғаға байланысты министр әкімдіктерге Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтендіру бойынша мәліметтер базасын құруды міндеттеді.

Дүйсенова біртұтас көзқарас пен мемлекеттік органдардың Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлескен жұмысын үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін Атыраудағы балалар үйінің тәрбиеленушілері әжетханадан су ішуге мәжбүр болғаны әшкереленген.

Серіктес жаңалықтары