×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Діни вандализм бірауыздан айыпталуға тиіс – Тоқаев Құранның өртелуі жайлы

26.07.2023, 13:31
Діни вандализм бірауыздан айыпталуға тиіс – Тоқаев Құранның өртелуі жайлы
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған Құранды өртеу актілеріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған Құранды өртеу актілерін қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санайды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізуге бастамашы болған мемлекет. Бұл форум дәстүрлі діндер мен конфессиялардың көрнекті өкілдері арасындағы тиімді әрі табысты диалог алаңына айналды.

Президенттің пікірінше, жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Бұл жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс.

Бұдан бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы қасиетті кітаптарды қорлау жөніндегі кез-келген актілерді айыптайтын және мұндай әрекеттерді халықаралық құқық нормаларын бұзу деп танитын қаулы қабылдаған.

Еске салайық, Швеция полициясы мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, маусымның 28-і күні Стокгольмдегі мешіттің сыртында Құранды өртеуге рұқсат берген.

Ақпан айында полиция Түркия мен Ирак елшіліктерінде Құран өртейтін екі іс-шара өткізу туралы өтініштерді лаңкестік әрекеттер қаупіне байланысты қабылдамады. Кейін Швеция соты бұл шешімді заңсыз деп атады.

Қаңтар айының соңында да Данияның исламға қарсы «Страм Курс» («Қатаң курс») партиясының жетекшісі Расмус Палудан Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген болатын. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған былтыр мамырда НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швециядан бұл мәселеде Анкарадан қолдау күтпеуді сұрады.

Өткен аптада Құранның өртенуіне наразы болған мұсылмандар Швецияның Бағдадтағы елшілігіне шабуыл жасаған болатын.

Швецияның Иран мен Катардағы елшілері мемлекеттердің сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Дипломаттарға екі елдің Құранның өртелуін наразы екені және қасиетті кітаптың қорлаушының ісін айыптайтыны жеткізілді.

Көп ұзамай Копенгагенде Ирактың Даниядағы елшілігі ғимаратының алдында да Құран кітабын өртеу акциясы өткені белгілі болды.