×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Жетісу облысына 3 әкімге 1 млн теңгеден айыппұл салынды

27.07.2023, 11:57
фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысында Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі (бұдан әрі-ҚТҚ) бойынша жүргізілген талдау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, кейбір аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталған.

“Мысалы Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 ҚТҚ полигоны бар, алайда оның ішінде тек Достық округындағы "Шыңдәлі" полигонында құқық белгілейтін құжат бар. Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды”, – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Қазіргі уақытта актілерді қарау нәтижелері бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары