Әскерден жалтару үшін жалған анықтама жасатқандар мен сыйақы үшін заңсыз қызметпен айналысқандар анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлім етті, деп хабарлайды
Спикер 1 наурыздан бастап оқу орындарындағы 300 мыңнан астам білімгерге автоматты режимде шақыруды кейінге қалдырылғанын атап өтті.
«Көктемгі шақыру компаниясының қорытындысы да өзінің тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, жағымсыз жақтары да анықталды, оларды жою болашақта осы жұмыстың нәтижелеріне оң әсер етеді. Мысалы, оқу туралы жалған анықтамаларды ұсыну жағдайлары анықталды. Олардың негізінде белгілі бір сыйақы үшін осындай анықтамаларды беру бойынша заңсыз қызметпен айналысатын адамдар анықталды», - деді Дархан Ахмедиев.
Бұл ақпарат құзыретті органдарға берілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр
Сондай-ақ, вице-министрдің сөзінше, бір мезгілде әр түрлі өңірлердегі екі жоғары оқу орнында оқитын азаматтар анықталған. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер құлағдар екен.
Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде әскерге барудан жалтарған 4 мың азамат жауапқа тартылғаны хабарланған.
Сондай-ақ, СҚО-да 250-ге жуық әскерге шақырылушы Ресейге қашып кеткен.