×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Астана мектебінде қатарласын балағаттаған оқушы қызға үкім шықты

28.07.2023, 08:03
Астана мектебінде қатарласын балағаттаған оқушы қызға үкім шықты
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мектеп ғимаратында өзге қызға балағат сөздер айтқан оқушы қыздың ісі қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анықталғандай, мектеп ғимаратында кәмелетке толмаған З. кәмелетке толмаған К.-ға былапыт сөздер айтқан.

«Ол ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сотта оның заңды өкілі кінәні толық мойындады. Кәмелетке толмаған З.-ның кінәсі кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының хаттай түсініктемелерімен, полиция басқармасы ұсынған құжаттармен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, З.-ға қатысты шара қолдану туралы полиция басқармасына Г.-ның берген арызымен дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, 14-16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабына сәйкес, оның ата-анасына немесе олардың орнында жүрген тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (24 150 теңге) айыппұл салуды көздейді», - делінген сот хабарламасында.

Мәлім етілгендей, сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кінәні толық мойындауды және өкінуді назарға алған. Ал жазаны ауырлататын мән-жай анықталмаған.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған З.-ның заңды өкілі К.Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 16 905 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұдан бұрын шығысқазақстандық әйел ауруханада боқтағаны үшін қамауға алынған еді.