×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтауда мектеп есепшісі 76 млн теңге жымқырған

28.07.2023, 09:11
Ақтауда мектеп есепшісі 76 млн теңге жымқырған
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды.

“Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды. Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады”, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмолада мектеп пен балабақша есепшілері 83 млн теңге жымқырған еді.