×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семейде «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры ұсталды

28.07.2023, 17:25
Семейде «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры ұсталды
ҰҚК

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Абай облыстық филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді», - делінген ресми хабарламада.

Күдікті Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды. 

Айта кетсек, бұдан бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар қатарынан ұйымдастырылған топқа  мемлекетке 1,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген болатын.