×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ресейге жеткізбек болған: Павлодарда қарбыздың арасынан 2,5 млн теңгеңің есірткісі табылды

31.07.2023, 08:01
polisia.kz

Полиция Қазақстан арқылы өткен героиннің ірі партиясы «транзитінің» жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Биылғы шілдеде Павлодар – Омбы бағытындағы жолда арнайы жасақтың көмегімен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Жүк көлігіні Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм «героин» салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм «гашиш» салынған екі орама анықталып, тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады. ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды (Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы). Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

– Қазіргі уақытта осы есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді Асқар Мұхаметқалиев.

Серіктес жаңалықтары