×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Экс-вице-министр Тоқтабаевтың ісі: тергеу аяқталды

31.07.2023, 14:03
Коллаж: Ulysmedia.kz

Антикор бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикордың хабарауынша, ол Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталып отыр. Салдарынан оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған.

«Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн. тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады. Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылған. Бас прокуратура айыпталушы Т. Тоқтабаевты сотқа берді», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz ұлттың байлығын саудаға салған вице-министрдің бұл қызметке қалай келгенін, оның артында кім тұрғанын зерттеп көрген еді.

Серіктес жаңалықтары