×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Айыппұл саламыз – министр тауарын мобильді аударымдар арқылы сататын кәсіпкерлер жайлы

01.08.2023, 12:42
Айыппұл саламыз –  министр тауарын мобильді аударымдар арқылы сататын кәсіпкерлер жайлы
фото: ашық дереккөзден

Үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұсынылған тауарлар мен қызметтер үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы қабылдайтын кәсіпкерлер жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр заң қабылданып қойғанына қарамастан мобильді аударымдар мәселесінің неліктен мезгіл сайын көтерілетінін түсінбейтінін жеткізді.

"Ұялы аударымдарды жіберушілер мен алушыларға бөлеміз. Егер бұл жеке тұлғалар мен туыстар арасындағы аударымдар болса, онда оларға салық салынбайды. Ал егер оларды кәсіпкерлер пайдаланса, онда салық төленуі керек. Жеке тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда оның осы мобильді аударымдар үшін жеке шоты болуы шарт", – деді Ерұлан Жамабаев.

Оның айтуынша, аударымдардың қайсысы жеке мақсатқа, қайсысы бизнеске арналғанын ажырату үшін кәсіпкерлерге екі шот ашу ұсынылады.

"Бұны кім жүзеге асырды, соларға сұрақ болмайды. Ал ауыспағандарға 2025 жылға қарай неге шот ашпағаны туралы сұрақтар болады. Қазір айыппұл жоқ. Бірақ заңда әр кәсіпкер салық төлеуі керек екені жазылған. Мемлекеттік кірістер комитеті ақпарат жинайды. Бастапқы кезеңде мемлекеттік қызметкерлер туралы, кейін кәсіпкерлер туралы. 2025 жылы мәліметтерді көргенде сұрақ болады. Сол кезде салық төлемегендерге айыппұл саламыз, – деді министр.

Еске салайық, бұдан бұрын Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілген қызметтер мен ұсынылған тауарлар үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алатын кәсіпкерлерге ескерту жасаған.