×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда егіннің небары 1%-ы қуаңшылықтан сақтандырылған

02.08.2023, 14:27
newsweek.com

Еліміздің 8 өңірінде құрғақшылық қаупінен 236 мың гектар жер сақтандырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сыйлықақы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрады, оның 1,2 млрд теңгесі субсидияланған.

Еске салайық, 2023 жылы Қазақстандағы жалпы егіс алқабының көлемі 23,4 млн га құрады. Демек, фермерлер егінінң небары 1%-ын сақтандырған.

АӨК-ті сақтандыру операторы – Аграрлық несие корпорациясы. Фермерлер www.kezekte.kz сайттындағы Agroinsurance ақпараттық жүйесінде шарттар жасай алады. Шарт жасасудан бастап, сақтандыру төлемдеріне дейінгі барлық рәсімдер электрондық платформада жүргізіледі. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін жүйе спутниктік деректерге сүйене отырып, автоматты түрде тіркейді. Бұл төлем механизмінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Ылғал тапшылығы тәуекелдерінің индекстік сақтандыруы үш фазалы сақтандыруды қамтиды. Бірінші кезең – 15 мамырдан 14 маусымға дейін, екіншісі – 15 маусымнан 14 шілдеге дейін және үшінші – 15 шілдеден 14 тамызға дейін қамтиды. Фермер өз егістігін қандай кезеңдер бойынша сақтандыратынын өз бетінше таңдайды. Фазаға байланысты сақтандыру полисінің мөлшері және одан кейінгі төлемдер анықталады. Сақтандыру өнімдері бойынша сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көзделген. Осылайша, фермерлер үшін сақтандыру полисі 80% арзандайды.

Дәнді дақылдарды (бидай, арпа, сұлы, жүгері, қарақұмық, тары, дәнді құмай, тритикале, жаздық қара бидай), бұршақ дақылдарын (бұршақ, жасымық, ноқат) және майлы дақылдарды (күнбағыс, рапс, зығыр, соя, көктемгі зімбір, мақсары, қыша) сақтандыруға болады.

Сақтандыру Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының фермерлері үшін қолжетімді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодар облысында он мыңдаған гектар егістік өнім бермеуі мүмкін екені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары