Халықаралық ғалымдар тобы Covid-19-дың адамдардың психикалық денсаулығына қалай әсер еткені туралы ауқымды зерттеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
tjournal.ru-дің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар айы мен 2021 қаңтар айы аралығында әлемде күйзеліске түскендер 26%, бойын үрей билегендер 28% өскен.
Зерттеушілер PubMed, Google Schola сияқты танымал дереккөздерден, әртүрлі сарапшылар мен ғылыми мақалалардың алдын ала нұсқалары үшін сайттарда жарияланған 5688 мәліметті қолдана отырып, күйзеліс пен бойды үрей билеу бойынша қазіргі жағдайды бағалады.
Зерттеу барысында 2020 жылы 246 млн күйзеліс күйі мен 374 млн бойын үрей билеген жағдай анықталған. Осы жағдай бойынша Оңтүстік Америка мен Орталық Азия халқы көбірек зардап шеккен. Бұл жақта күйзеліске түскендер саны 30-35% артқан. Осы көрсеткіш бойынша азырақ зардап шеккен елдер: Қытай, Аустралия, Жапония, Жаңа Зеландия, Финляндия.