×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген: Арқалық ЖЭО-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды

03.08.2023, 08:04
Тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген: Арқалық ЖЭО-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Bizmedia

Арқалық ЖЭО-ның қағаз жүзінде ғана пайдалануға берілу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қоғам қайраткері Дидар Смағұлов мәлімдеді.

"Маусым айында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Мәжілісте ЖЭО-ны қайта құруға жұмсалған 7.4 млрд теңге тиімсіз игерілгенін айтқан еді. Бірақ біз бұл туралы 2022 жылдың тамызынан бері Антикорға алғашқы үндеу жазылған кезден бастап дабыл қағып келеміз. Біз әкімдіктің жауабын алдық, олар бәрі жақсы екенін және ЖЭО жоба бойынша салынғанын алға тартты. Жылу орталығының жұмыс істемеу себебін енді ғана іске қосылып жатқанымен және жақын арада көмірге ауысатынымен түсіндірді. 2022 жылдың қарашасында тұрғындар ЖЭО артиллериялық қондырғы секілді атып жатыр деп шағымданды: өзім барып, бұған көз жеткіздім. Бірақ әкімдік көмірдің орнына мазут қолданылды, сондықтан осындай дыбыс шықты деп тағы шаң жуытпады", – дейді ол.

Смағұловтың айтуынша, 2,5 млрд теңгеден астам шығын анықталған, оның ішінде:

- орындалмаған жұмыс көлемі негізсіз төленді: 219 416 400 тг.;

- бу және су жылыту қазандықтары жобалық шешімдерге сәйкес келмейді және үлкен бұзушылықтармен қабылданды: 1 168 188 400 тг.;

- басқа жабдықтың құны 339 754 600 теңгеге асыра көрсетілген және ЖСҚ сәйкес келмейді;

- нақты жүргізілмеген іске қосу-реттеу жұмыстары төленді – 218 213 000 тг.;

- заңсыз қосымша келісім жасалды – 128 506 300 тг.

Еске салайық, маусымда Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова Арқалықта тапсырыс беруші Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі толық дайын болмаса да, жалпы сомасы 7,4 млрд теңге болатын екі жобаны қабылдағанын мәлімдеген болатын.

«Оның бірі «Арқалық қаласын 2030 жылға дейін жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау» жобасы болса, екіншісі - қуаты 2,5 МВт №2 станцияның турбоагрегатын ауыстыру бөлігінде Арқалық ЖЭО-сын реконструкциялау. Нәтижесінде Арқалық жылу электр орталығына қатысты жұмыстар тек қағаз жүзінде іске асырылған», - деді Н. Годунова.

Ол палата заң бұзушылықтарды жою мақсатында Үкіметке ұсыныстар әзірлегенін айтқан еді.