×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

СҚО-дағы көлде балық жаппай қырылып қалды

03.08.2023, 09:23
Фото: kst.ng

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысындағы Питное көлінде балық жаппай қырылғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық экология департаментінің мәліметінше, жұмыс тобы 1 тамызда Питное көліне аттанған. Топ құрамында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің, Есіл балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының, СҚО және Жамбыл ауданы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері болды.

"Көлдің жағалау сызығына тексеру жүргізілді. Көзбен шолып тексеру барысында шамамен 100 келі өлі балық (алабұға, мөңке балық) анықталды. Зертханалық талдау жүргізу мақсатында су сынамалары, сондай-ақ өлі балықтың ұшасы алынды", - деп хабарлады департамент.

Кладбинка ауылдық округінің әкімдігі қырылған балықты жинау мен кәдеге жарату жұмысын ұйымдастырды. Тексеру жүргізілгеннен кейін балықтың қырылу себебі айтылады.

Серіктес жаңалықтары