×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Абай облысында балалар үйінің басшылығы жауапқа тартылды

03.08.2023, 16:31
Абай облысында балалар үйінің басшылығы жауапқа тартылды
opennews.kz

Абай облысы Бородулиха ауданында ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқықтарының қорғалуына талдау жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, қамқоршының тарапынан (Бала орталығы) алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды. 

Барлығы 30 млн теңгені құрайтын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталып, оның 5 фактісі бойынша прокуратураның бастамасымен ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

“Бүгінгі күні 2 борышкер сотталды.  Бұл жұмыс оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде 1 млн теңгеден астам алименттік берешек өтелді”, – делінген хабарламада.

Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.