×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Самокатшыларға тағы бірнеше шектеу енгізілгелі жатыр

07.08.2023, 12:05
Фото: Ашық дереккөзден

Полицияның хабарлауынша, жаңа шектеулер қауіпсіздікті арттыру үшін ұсынылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тың ережелер бойынша, жарықсыз учаскелерде, қала сыртындағы трассаларда және кәмелетке толмағандарға электр скутерлерін пайдалануға тыйым салуды енгізу ұсынылған.  Балалардың электр скутерлерін пайдалануын болдырмау үшін салмақ категориялары бойынша (мысалы, 30 кг және одан жоғары рұқсат етілсін) тыйым салынбақ.

«Кикшерингтік компаниялар жалпы "жосықсыз клиенттердің тізімін" құруды ұсынды. Мұндай пайдаланушылар үшін барлық компаниялар бір мезгілде өз қызметтерін ұсынбайды», - деп хабарлайды полиция.

Кейбір шешімдер ұзақ мерзімді болады. Кейбіреулері қысқа мерзімде жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, биыл мамырда Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданған еді. Жаңа заңға сәйкес, электрлі самокаттардың қозғалысына бірқатар шектеулер енгізілген.

Серіктес жаңалықтары