×
$
458.13
€
502.29
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.13
€
502.29
₽
5.58

Қазақстанда сегіз ҰҚТ-ның жолы кесілді: олардың бірі – халықаралық деңгейдегі топ

Бүгін, 12:09
Қазақстанда сегіз ҰҚТ-ның жолы кесілді: олардың бірі – халықаралық деңгейдегі топ
Видео кадры

Қазақстанда 2026 жылдың он айында полиция есірткіге қатысты 6,5 мың құқықбұзушылықты анықтаған. Құқық қорғау органдары сегіз қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойып, жүзден аса зертхананы жойған. Заңсыз айналымнан 32 тоннадан аса есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан қазанның аяғына дейін есірткіге қатысты үш мыңнан астам қылмыс анықталған. Тәркіленген есірткінің бір тоннадан астамы – синтетикалық заттар.

Сондай-ақ, полиция сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойған. Олардың бірі халықаралық деңгейде әрекет еткен.

Қылмыстық топтардың жетекшісі деген күдікпен 10 адам және 43 мүшесі ұсталды.

Жүзден астам зертхана жойылды

Он ай ішінде құқық қорғау органдары есірткі өндіретін 23 зертхана мен құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған 94 фитозертхананы анықтап, жойған. Сонымен қатар, полиция есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 147 дерегін анықтады.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстаннан тыс жерде екі, ел аумағында 18 бақылаулы жеткізу операциясы жүргізілді. Мұндай операциялар тыйым салынған заттардың тасымалдануын қадағалап, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары есірткі қылмысына қатысы бар 14 мыңға жуық банк картасы мен шотын бұғаттаған. Олардағы қаражаттың жалпы сомасы 283 миллион теңгеден асқан.

Сізге қызық болуы мүмкін