×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

«Отбасылық бизнес»: Жаңадан келген индустрия вице-министрі Қарағойшин несімен белгілі

07.08.2023, 16:30
Коллаж: ulysmedia.kz.

Тимур Қарағойшин Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапа менеджменті университетін бітірген.

Қарағойшин еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Осы жылдары Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінде жылжымалы механикаландырылған колонналардың бригадирі, шаруашылық бюросының директоры және БҚО аудандық басқармаларында басшылық қызметте болды.

2001-2002 жылдары Экономика министрлігі Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2005-2007 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, 2008 жылдың қазан-қараша айлары аралығында әкімнің кеңесшісі болды.

2007-2008 жылдары -«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалының жобалау және күрделі құрылыс дирекциясының директоры қызметін атқарды.

2011-2013 жылдары Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментін басқарды. 2013 жылы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар департаментіне жетекшілік етті.

«Мемлекеттік сараптама» мекемесінде басшылық қызмет атқарды.

2023 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін ҚР Индустрия эәне инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ulysmedia.kz порталы Тимур Қарағойшиннің ұлы – Рустам Қарағойшиннің «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның астық консорциумының бас директоры және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болғанын жазған еді.

Қазір кіші Қарағойшин Астанадағы жылу магистралінің құрылысына кіріскен «ВД Строй-инжиниринг» компаниясын басқарады. Оның құрылысына «Мемлекеттік сараптама» мекемесі рұқсат берген. Құрылыстың өзіне рұқсат келісімшарт жасалар алдында бір ай бұрын ғана – 2022 жылдың соңында берілген. Әкесі баласының жақсы тендер ұтып алғанынан хабарсыз болған шығар. Алайда мұнда да «отбасы бизнесінің» белгісі байқалады.

Серіктес жаңалықтары