×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Тасмағамбетов Ресейдің қорғаныс вице-министрімен не талқылады

08.08.2023, 09:19
ҰҚШҰ

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фоминмен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰҚШҰ баспасөз қызметі кездесудің егжей-тегжейі жайлы мәлімет берген жоқ. Тек Тасмағамбетов пен Фоминнің 7 тамызда кездескенін нақтылады.

“Диалог барысында тараптар әскери ынтымақтастықтың және ҰҚШҰ шеңберіндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов "Батыс елдері Украинадағы жағдайдың одан әрі өршуіне жол ашады" деп мәлімдеген болатын. Тасмағамбетов Орталық Азия өңіріндегі ахуал туралы да айтты. Оның айтуынша, экстремистік идеология мен террористік топтардың ену ықтималдығы артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 13 ақпанда Беларусь Президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ елдерін нақты бір позицияны таңдауға шақырды. Ол ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу барысында Украина мен Ресейдің соғысы енді ешкімге қатысы жоқ деп ойлайтындар "шетте отыра алмайды" деп мәлімдеді.

«Уақыты келер, көп қалған да жоқ. Бәлкім, ертең-ақ. Айқындалып, белгілі бір позицияны таңдауға тура келеді. Мен ұлттық мүдделерге қайшы демес едім, бірақ бірге қимылдау үшін біздің одақтарымыздың кемшілігі бойынша нақты бір саясатты, жолымызды табуымыз керек», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары