×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

ҰҚШҰ елдеріне бір жаққа шығатын уақыт келді – Лукашенко Украинадағы соғыс жайлы

13.02.2023, 14:54
ҰҚШҰ елдеріне бір жаққа шығатын уақыт келді – Лукашенко Украинадағы соғыс жайлы
фото: ашық дереккөзден

Беларусь президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ (ОДКБ) елдерін нақты бір позицияны таңдауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Белта агенттігіне сілтеме жасап.

«Уақыты келер, көп қалған да жоқ. Бәлкім, ертең-ақ. Айқындалып, белгілі бір позицияны таңдауға тура келеді. Мен ұлттық мүдделерге қайшы демес едім, бірақ бірге қимылдау үшін біздің одақтарымыздың кемшілігі бойынша нақты бір саясатты, жолымызды табуымыз керек», – дейді ол.

Беларусь басшысы ҰҚШҰ-ға мүше елдердің арасындағы проблемаларды реттеу керектігін айтады.