×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Елде жұмыртқа, ет пен қант қымбаттап кетті

12.10.2021, 09:12
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының қымбаттауына жұмыртқа, ет пен қант бағасының өсуі негізгі үлесті қосқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының жинақталған өсімі тамыздағы ең жоғары 10,4%-тен биылғы жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,6%-ке дейін төмендеген еді. Алайда қазанның бірінші аптасының қорытындысы бойынша баға өсуін жалғастырып, биылғы жылдың басынан бері 9,9% қайта көтерілді. Жұмыртқаның, тауық етінің, қырыққабаттың, қанттың және сиыр етінің қымбаттауы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының қымбаттауына негізгі үлес қосты», - деді Ерболат Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, қыркүйекте дизель отынының бағасы 3,8%, ал жекелеген облыстарда тіпті 10% аса қымбаттаған. Өндірістің өсуіне, сондай-ақ экспорттың тоқтатыла тұруына қарамастан, елде қазір инфляциялық қысымды күшейтетін және басқа тауарларға жанама әсер ететін дизель отынының тапшылығы байқалады.

«Өткен айда жылдық инфляция 17 өңірдің ішінен 13 өңірде жылдамдады. Бұл ретте, ол 6 облыста 9%-тен асады.  Ұлттық банктің пікірі бойынша, өңірлік нарықтардағы бағаларды тұрақтандыру және тауарлар тапшылығына жол бермеу биылғы жылы инфляцияны «ұстап тұрудың» негізгі факторлары болып отыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары