×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ долларының жаһандық нығаюы теңгеге қысым көрсетіп жатыр

12.10.2021, 09:22
АҚШ долларының жаһандық нығаюы теңгеге қысым көрсетіп жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне қарамастан, ішкі валюта нарығында өсіп келе жатқан сұраныс теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсетуде. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай деді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«АҚШ долларының жаһандық нығаюы дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге де қысым көрсетуін жалғастыруда. Осының салдарынан мұнай бағасының бір баррель үшін 78,52 АҚШ долларына дейін 7,6%-ке айтарлықтай өсуіне қарамастан, бір айда ұлттық валюта бір АҚШ доллары үшін 425,75 теңгеге дейін, яғни 0,1%-ке әлсіреді. 11 қазандағы жағдай бойынша айдың басынан бастап 0,3%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 424,55 теңге болды», - деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша бюджетке трансферттерді жүзеге асыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатуы үшін ұлттық қор қаражатын конвертациялау операциялары бір ай ішінде теңгеге қолдау көрсеткен. Биылғы жылғы 9 айда квазимемлекеттік сектор компаниялары валюталық түсімді 2,3 млрд АҚШ доллары сомасына сатқан.