Жарқын демалыс бағдарламасы, күніне бес рет тамақтану, түрлі үйірмелер - Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы "Жұлдыз" балалар сауықтыру лагерінің негізгі ерекшелігі болды. "Қазфосфат" лагерь жұмысын қамтамасыз ету үшін биыл 120 млн теңге бөлінді.
Балалардың алғашқы легін қабылдағанға дейін лагерь аумағында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Демалысқа келген балаларды жайлы үйлер, ашық аспан астындағы бассейн, кең асхана, ойын алаңы күтіп тұрды.
Биыл әрқайсысы 14 күнге созылған 3 маусымда "Қазфосфат" қызметкерлерінің 800-ден астам балалары мен немерелері, 13 жасқа дейінгі оқушылар сауықтыру лагерінде демалып үлгерді.
Сонымен қатар, Жаңатас қаласы әкімдігінің өтініші бойынша балалар лагерінде компания қаражаты есебінен жетім балалар да демалды. Демеушілік көмек ретінде оларға спорттық киім мен аяқ киім түріндегі сыйлықтар табыс етілді.
Лагерь ауысымының жабылу салтанаты кезінде "Жұлдыз" лагерінің директоры Қарлыга Канапина балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, келесі жазда сүйікті лагеріне қайта келіп демалуға шақырды. Ол балалардың қалай уақыт өткізгені туралы айтып берді.
"Мұнда балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Олармен түрлі ойындар, жарыстар өткізілді. Мысалы, "Алло, біз талантты іздейміз", "Жұлдыз мырза мен ханым", би жарыстары. Сонымен қатар, біздің лагерьде ағылшын және қытай, сурет және шахмат үйірмелері бар. Балаларға демалысты осында өткізу өте ұнады. Олардың арасында алдыңғы маусымдарда демалып, біздің лагерге қайта келгендер де бар", – дейді ол.
"AB Catering" мердігерлік компаниясы директорының орынбасары Лидия Ишимова "Қазфосфат" компаниясы балаларды толыққанды тамақпен қамтамасыз еткенін айтты. Ол үшін арнайы мәзір жасалған.
- Күніне бес рет тамақтану таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі тағамдар, кешкі ас және түнгі тіскебасардан тұрады. Біз Қазақстанның аспазшылар қауымдастығымен және Алматыда орналасқан тамақтану академиясымен ынтымақтасамыз. Олармен бірге мәзір әзірленді. Балаларға жеміс-жидек, йогурт, гематоген, әр түрлі кондитерлік өнімдер, шоколад беріледі. Туған күн иелері үшін біз бәліштер пісіреміз және әр баланы жеке құттықтаймыз, - деп атап өтті Лидия Ишимова.
Ата-аналар балаларға лагерде жасалған жағдайды, “Қазфосфаттың” балалардың ұмытылмас демалысын ұйымдастыруға барын салғанын жоғары бағалады. Балалары лагерде уақыт өткізген көпбалалы аналардың бірі, кәсіпорын цехының диірмен машинисі Гүлбаршын Істәмбекова: "Соңғы 2 жылда компания басшылығы мен акционерлері біздің балаларымызға ерекше көңіл бөлгені қуантады. Біз үшін балалардың лагерде уақытын тиімді өткізуі өте маңызды. Менің үш балам демалып қана қоймай, спорттық шараларға қатысу арқылы денсаулығын жақсартты", – дейді.
Тараздан келген оқушы Маргарита Бибик те лагердегі демалыстан алған әсерін бөлісті.
"Лагерде көптеген мерекелік іс-шаралар болды. Күн сайын бассейнге бардық. Сондай-ақ, бұл жердің табиғаты керемет. Мұнда сіз телефоннан демалып, әдемі пейзажды тамашалай аласыз. Және, әрине, жаңа достар тапқаныма қуаныштымын", – дейді демалушы.
Лагерь маусымының жабылу салтанаты кезінде балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Айта кету керек, "Қазфосфат" жыл бойы басқа да әлеуметтік шараларға қатысады. Ұжымның демеушілік қолдауының арқасында облыста үлкен жұмыстар атқарылуда.
Компания спорт кешендерінің құрылысына, балалар алаңдарының құрылысына, демалыс орындарын абаттандыруға және т. б. игілікті істерге атсалысып келеді.