Атырау – Астрахань бағытындағы пойызда қайтыс болған 13 жастағы баланың неден көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жайды баланың анасы Тамара Цаплина айтып берді. Желіде тараған видеода әйел ұлының уланғанын жоққа шығарды.
"Жоқ, бұл улану емес. Оған бала кезінен қан тамырлары жарылған деген диагноз қойылған. Сондықтан кеуде қуысына жыртылған қолқа, аорта қойылған. Мен қала әкіміне, облыс әкіміне, бүкіл Атырау қаласына моральдық, физикалық, қаржылай қолдауы үшін, автобуспен қамтамасыз еткені үшін алғыс айтамын... Бізге қажет көмек көрсетілді”, – дейді Тамара Цаплина.
Баласынан айырылған әйел ешкімге шағымы жоқ екенін айтты.
“Біз бәрі болуы мүмкін екенін, бұл кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін түсінеміз", – дейді ол.
Еске салайық, 7 тамызда Атырау – Астрахань бағытындағы пойызда 2010 жылғы бала көз жұмды. Ол қатарластарымен, төрт тәлімгермен бірге лагерге бара жатқан.
Бұдан бұрын Атырау облысының білім басқармасы баланың өлімі тергеліп жатқанын хабарлаған.