×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Атырау – Астрахань» пойызында 13 жастағы бала көз жұмды

07.08.2023, 08:53
Фото: Ашық дереккөзден

Лагерьге бара жатқан бала аяқ астынан қайтыс болған. Дәрігерлер баланың ажалына не себеп болғанын анықтап жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz порталы ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 тамызда Атырау – Астрахань бағытында келе жатқан №625 пойызда 2010 жылғы бала көз жұмды. Ол қатарластарымен, төрт тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар тамақты өз үйінен алып шыққан», - деп хабарлайды ҚТЖ.

Уланғаннан кейін бір жарым сағаттан соң бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жедел жердем шақырды. Жедел жәрдем Нарын стансасына келген. Келген дәрігерлер баланың көз жұмғанын хабарлады.

Баланың өліміне не себеп болғаны сараптамадан кейін белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары